Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық ұшқыш біліктілігінің арқасында 439 адамның өмірін құтқарып қалды (видео)

Өзі басқарып отырған ұшақ пен 439 адамның өмірін ажал аузынан жалмап қалған қытайлық ұшқышқа 360 мың еуро берілмек. Видеодан ұшақтың қаншалықты апатты жағдайда болғандығын көруге болады.

3A0583C800000578-0-image-m-34_1478169259533

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Аталған ұшақ әуеге көтерілер сәтте қарсы алдынан басқа ұшақ пайда болады. Ұшқыш Он Чао Airbus A320  ұшағын жылдам көтеріп, өзіне бөгет болған A330 Airbus ұшағының тура төбесінен ұшып өтеді. Екі ұшақ соқтығысқан жағдайда, 439 адам өмірлерімен қош айтысатын еді.

Соқтығысып қала жаздаған екі ұшақтың арасын 19 метр қашықтық қана бөліп тұрған. Жантүршігерлік оқиға 11 қазан күні сағат 12:04-те Шанхай әуежайының 36L ұшып-қону жолағында болған.

3A0583D200000578-3901028-Heroic_actions_The_captain_of_the_flight_surnamed_He_was_given_3-a-7_1478176660953

Видеодан А320 ұшағының қарсы алдындағы А330-ды көрген сәтте жылдамдығын арттыра түсіргенін байқауға болады. Аталған оқиға Қытайдың БАҚ-тарын шулатты. Көпшілік мұны 1977 жылы 583 адамның өмірін алған екі Boeing 747 ұшақтарының арасында болған қайғылы оқиғамен салыстырды.

3A05E31C00000578-3901028-The_plane_accelerated_and_managed_to_fly_over_the_other_aircraft-a-6_1478176655152

3A05E32700000578-3901028-A_simulation_of_the_incident_shows_how_the_plane_crosses_the_run-a-5_1478176649505

China Eastern Airlines компаниясы бүгін болған марапаттау рәсімінде Он Чаоға ақшалай сыйлық ұсынды. Мұнымен қатар, экипаждағы өзге қызметкерлерге 71 мың еуро табысталды. Жэньминь жибао басылымының хабарлауынша, екі рейсте жалпы 413 жолаушы мен 26 экипаж мүшесі болған.

3A05EBB100000578-3901028-image-a-14_1478180773796

Екі ұшақ та China Eastern Airlines компаниясына тиесілі. Осы сәтте Airbus A330 Пекиннен Шанхайға 266, ал Airbus A320 Шанхайдан Тяньцзинь аймағына 147 адам тасымалдап бара жатқан болатын.

Қытайдың ІІД бұл оқиғада әуе қозғалысын қашықтықтан басқарушы қызметкерлердің айыпты екенін анықтаған. Олар ұшақты қашықтықтан басқарушылар A330 экипажының мүшелерімен байланыс орната алмаған деп болжады. Әуе басқару бюросы осы оқиғаны зерттеу барасында екі диспетчердің лицензиясын алып қойған. Мұнымен қатар, 13 басқарушы қызметкерді жазалаған.


Жіберіп алмаңыз:

Бай мұрагер әйел қалай бейшара күйге түсті (фото)

Әлемдегі ең өркендеген мемлекет анықталды

Үндістандық кәсіпкер жұмысшыларына 1260 көлік пен 400 баспана сыйлады

Қазақ асханасы әлемдегі ең нашар асханалардың бестігіне кірді

Талқылау