Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық қыз миллиондаған көрерменге әнұран айтамын деп түрмеден бір-ақ шықты

Қытайлық танымал блогер Ян Кайли мемлекеттік әнұранның бірнеше жолын қалжыңмен орындағаннан кейін қамауға алынды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қытайлық қыз миллиондаған көрерменге әнұран айтамын деп түрмеден бір-ақ шықты

20 жастағы қытайлық бойжеткен бірнеше миллион адам тіркелген Huya қызметі арқылы тікелей эфир жүргізген. Онда ол әнұранды орындай кезінде қолын сермеп, қисаңдап мемлекеттік рәміздерін мазақ қылды.

Ал бұл жазбаны полицейлер көріп, қызды бес тәулікке қамауға алды. Шанхай құқық қорғау органдарының қызметкерлері Кайлидің Қытайдың мемлекеттік әнұраны туралы заңын бұзғанын айтты.

«Мемлекеттік әнұран еліміздің нышаны, барлық азаматтар оны құрметтеуге және оның қадір-қасиетін қорғауға тиіс. Стримингтік қызметтер заңнан жоғары емес, онда да ережелер мен моральдық нормалар бар», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, Huya өкілдері де блогердің жағдайына назар аударды. Олар дау тудырған видеоны өшіріп, бойжеткеннің арнасын бұғаттап тастады.

Көп ұзамай блогер жанкүйерлерінен кешірім сұрап, «ақымақ қателігі» үшін ұялатынын мәлімдеді. Осындай жағдайға тап болған Кайли әнұранды қасиетті деп атап және енді тікелей эфир жүргізбейтінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау