Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық ғаламтордан арзан iPhone 6s-ке тапсырыс беріп, оның орнына нан алды

Қытай қалаларының біріндегі тұрғын алаяқтардың арбауына түсті. Ғаламтордан iPhone 6s-ті небары 230 долларға сатылатыны жөніндегі жарнаманы көрген қытайлық оны сатып алуға бел буған.

Безымянный

Сурет appleinsider.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кету керек, ол сатушыдан жарнаманың рас немесе жалған екенін сұраған екен. Арзан телефон сатушы оны алдап кетпейтінін айтып сендірген. Ол смартфондар Қытайға шекарадан жасырылып өткізілген, әрі баж салығы төленбегендіктен оның бағасы арзан (ресми бағадан 70% арзан), деген.

Қытайлық бұған сеніп, телефонның құнын төлеп қояды. Тауар екінші күні сәлемдемемен жеткізілді, деп жазады phoneArena.

Сатып алушы қорапты ашқанда оның ішінде iPhone 6s смартфонының орнында күріштен дайындалған жұқа нанды көрді. Мұнда бір қателік кетті деп түсінген Хоу (жапа шегушінің есімі) сатушымен байланысқа шықпақ болады, алайда сатушы ізін суытқан. Шағымды қараған полиция «алаяқты қолға түсіру екіталай» деген жауап қайтарды.

Талқылау