Қытайлық БАҚ Рахимовтың алтын медалі Қытайға берілуі тиіс деп шулап жатыр

Бейсенбі, 11 Тамыз , 2016 15:46

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының бесінші күні Нижат Рахимов 379 келіні еңсеріп, өзінің басты қарсыласы қытайлық Люй Сяоцзюньды жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

20160811085840

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Нижаттың жеңісін Люй Сяоцзюнь да мойындап отыр. Ол тілшілерге берген сұхбатында «өз көзіммен көріп тұрдым, жеңілгенімді мойындаймын, Рахимов шынында өз мықтылығын көрсетті» деп жауап берді.

Әйтсе де бір қызығы, Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасының коментаторы бұған 100% қарсы болып шықты.

Нижат Рахимов 214 келіні басынан асырған сәтте, аталмыш телеарнаның коментаторы Жаң Гожың  тікелей эфирде ашуланып, «Бұл дұрыс емес! Төрешінің есі дұрыс емес екен, Ереже бойынша ол қозғалмай тұруы тиіс, ал қараңдаршы, Рахимов зілтемірді уақытынан бұрын тастап жіберді» деп төрешілердің шешіміне наразылық білдіріп, дөрекі сөз сөйледі.

Қазіргі уақытта, Қытайдың көптеген БАҚ-тарында «Рахимовтың алтын медалі Қытайға берілуі тиіс» деген тақырып қызу талқылануда.

Еске сала кетсек, 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Нижат Рахимов қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтижемен алтын жүлдеге ие болды.

Жіберіп алмаңыз:

Ауыр атлет Ниджат Рахимов марапаттау рәсімінде жылап жіберді

Фото: Рио Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларының жеңісті сәті

Президент спортшылардың Олимпиададағы алтын жүлделерін жоғары бағалады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    АУЫЗ НЕ ДЕМЕЙДІ БІРДІЕҢЕ ШӨП ЖЕМЕЙДІ

  • Анонимно says:

    Неге басқалар алса сол алтынды үндемейд. Ал біздер алсақ допинг тағы бір бəле деп маза бермейді екен. Шаршатты-ау осы қараңғы соқыр көре алмайтын надандар. Тек қытай ала беру керек па сонда? Құдай білед олар не егіп жүргендерін өздеріне. Соларды тексеру керек. Бұл жерде бір шикілік бар

  • Анонимно says:

    Бәрі жақсы шықты ,жақсы көтерді іші күйгенің шарасы

  • Анонимно says:

    Басты қатырмасын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар