Қытайлық азамат үш қабатты үйін алты метрге жылжытты (видео)

Қытайдың Цзянси провинциясындағы фермер үйінің орнына тас жол түсетінін естігеннен кейін, үш қабатты пәтерін басқа жерге көшірген.

Бұл туралы South China Morning Post хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Гао Ипин 2014 жылы үш қабатты үй салу үшін миллион юань қаражат жұмсады. Бірнеше ай бұрын отбасымен қоныс тойын тойлаған азамат сонша жыл салған үйінің орнына тас жолы түсетіні туралы хабар алды. Желгілікті билік оған өтемақы ретінде 680 000 юань төлеген.

«Жаңа салынған үйімізге кіргелі бір жыл да болмады. Мен оны бұздырғым келмейді», – дейді Ипин.

Ол сонша жыл еңбектеніп салған ғимаратты бұзғысы келмей, үйін басқа жерге көшіруді шешті. Фермер үш қабатты үйін бір жарым ай ішінде алты метрге жылжыту үшін жұмысшылар жалдады. Ол бұл қызмет үшін оларға 360 мың юань төлеген. Оның айтуынша, жаңа үйді салуға бұдан да көп шығын кетеді.

Ипиннің әдісін көрген оның көршілері де осы үлгі бойынша өз үйлерін көшіруді жоспарлап отыр. Екі жыл бұрын салынған төрт қабатты үй тас жолдың түсуінен бұзылуы мүмкін. Фермерге үйін сақтап қалу үшін оны жүз метрге жылжыту керек.

Оқи отырыңыз:

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы: 10 жылдан кейін Иранмен соғыс болуы мүмкін

Ер адам үш жыл бойы өлген ағасының мәйітін үйінде сақтап келген

Кемероводағы өрт: «Зимняя вишня» сауда орталығының бас директоры ұсталды

Кемероводағы өртте жоғалған үш адам аман-есен табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар