Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық 10 жылдан бері бір ауылда жалғыз өзі тұрады (фото)

Өзіңіз бүтіндей бір ауылда үш қойыңызбен жалғыз тұра аласыз ба? Мүмкін емес сияқты естіледі, бірақ Лю Шенчжя соңғы он жылын осылай өткізген. Лю- Қытайдың  солтүстік-батысында орналасқан Ганьсу провинциясына қарасты  Ксуншаньше ауылында жалғыз өзі тұрады.

лю1

Людың сөзінше бұған дейін мұнда 20 отбасы тұрған. Өркениеттен артта қалған жерде күн көру қиындаған тұста олардың барлығы дерлік қалаға жақын жерлерге көшіп кеткен. Тек аздаған қарттар қалған. Бірақ олардың өзі қазір қайтыс болып кетіпті.

лю5

2006 жылы  Лю науқас анасы мен кішкентай інісіне қарап ауылдан шыға алмай қалған. Көп ұзамай төсек тартқан анасы мен інісі бірден қайтыс болады. Содан бері ол жалғыз қалған.

лю6

Ол қолындағы үш қойды бағып, жалғыздыққа әбден үйреніп кеткен.

лю

«Басында жабайы иттердің даусынан ұйықтай алмайтын едім. Бар уақытымды осы үш қойға арнадым. Бағып жүргенде уақыттың қалай өткенін сезбей қаламын. Сөйтіп жүргенде осындай өмірге үйреніп те кеттім»,-дейді Лю.

лю2

Ол жақын маңдағы орманда орманшы болып жұмыс істейді. Соның арқасында айына 700 юань айлық алады. Ол дегеніңіз 107 доллар.

лю4

«Мұнда өмір сүру маған еш қиын емес. Дегенмен уақыт келе адамдардың арасына көшіп барғым келеді»,-дейді Лю.

13001066_1192642500776568_8488718511086705319_n-800x532

Лю жалғыз өзі бір ауылда қалғанның тиімді тұстары да бар деген ойда. Себебі оның қарамағында бүтіндей бір ауыл бар. Мысалы, ол қалаған үйге кіріп,сонда тұра алады. Мұнда барлық баспанада дерлік алдыңғы иелерінен қалған бұйымдар бар.

 

 

Талқылау