Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлар қазақтардың зиратын неге қорлады? (видео)

Қытайдағы қазақтар көп қолданатын weChat әлеуметтік желісінде төмендегідей видео пайда болып, сол жақта мекендейтін жүз мыңдаған қандастардың наразылығын тудырды.

Безымянный

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Әлі де коммунистік жүйеде келе жатқан қытай билігі ондағы миллиардтаған халықты дінсіз, атеист етіп тәрбиелеп шығарды. Сол дінсіздікпен өскен қытайлар «батыс өңірді ашу» деген сылтаумен қазақтың киелі мекені саналатын Алтай, Іле, Тарбағатай даласына тасқын судай жөңкіліп, құнарлы, табиғаты көркем тау мен даланы араша талауда.

Бұл бейнежазбадан қазақтардың зиратына «көшпелі доңғалақ жасаймыз» деген жарнаманы телефон номерімен қоса бадырайта жазып, ислам дінін ұстанып, баба әруағын сыйлайтын жергілікті жұрттың ұлттық намысы мен әдет-ғұрпын, дінін аяққа таптап отырғанының айқын дәлелін көре аласыздар.


Жіберіп алмаңыз:
Зират басына қайтыс болған адамның суретін қоюға бола ма?

Астана тұрғыны зират маңындағы өз көзімен көрген тылсым оқиғаны айтып берді

Алматыда қаржы қиындығынан зират қорымы саудаға түспек

Талқылау