Қытайға ұрығымды сатпаймын: Серікбол Сайлаубек намысына тиген журналистпен жаға жыртысты
Серікбол Сайлаубек намысына тиіп кеткен журналисті орнына қойды. Ол “ұрығыңызды қытайларға сатады екенсіз” деген БАҚ өкілінің сөзіне шамданып, оны “топасқа” теңеді. Келесі жолы мұндай сұрақ қоймауын талап етіп, орнынан тұрып кетті.
Оқиға Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Ұнамаса қарама” атты бағдарламасында орын алған.
Сұхбат кезінде журналист: “Аспан асты еліне ұрық сатады деген әңгіме шығып жатыр. Ұрық көп па сонда сізде? Қаншаға сатып жатырсыз?” – деп сұрады. Оған Серікбол ашуланып:
“Сұрақтарың өзің сияқты біртүрлі екен. Мен енді бақа-шаян жейтіндерге ұрығымды сатып жүрейін. Не сұрақ қойып отырғаныңды өзің ойлансай. Мен екі дүниеде де қытайларға ұрығымды сатпаймын. Сататын ойым да болмаған. Сен адамның намысына тиетіндей сөздер айтпа…
Сен қазақтарды сатылады деп ойлап жүрсің-ау деймін. Серікболдың есі дұрыс емес деп ойлайсың ба? Маған келесі жолы ондай сұрақ қоймаңдар”, – деген Серікбол орнынан тұрып, бағдарламаны ортасынан үзіп жіберді.
Сұхбат барысында Серікбол өзіне тиісе берген ойыншық аю кейпіндегі бойжеткенге қол көтеріп, итеріп жіберді. Алайда ол бұл әрекетін аю ішінде ер адам болуы мүмкін деген болжамымен түсіндірді. Ақырында арудан кешірім сұрап:
“Кешір, айналайын! Бірақ келесі жолы мына журналистпен жұмыс істеме! Адамның ойына келмейтіндей “топастардың” сұрағын қоятын бағдарламада отырудың қажеті жоқ”, – деді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова бала сүю үшін Германия дәрігерлеріне қаралып келген
5 жыл бала сүйе алмадым: “Жігіттер” квартетіндегі Айдар хиджаманың арқасында әке атанған
Ақбота Керімбекова ер жетіп қалған ұлдарын көрсетіп, жұртты сүйсіндірді