Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайға барғысы келмеген ойыншыдан әйелі кетіп қалды

Футболдан Португалия құрамасы мен “Фенербахче” клубының жартылай қорғаушысы Нани клубтан кеткісі келмегені үшін әйелімен ренжісіп қалған. luis-nani

Бұл туралы Lenta.Ru сайты хабарлайды.

Португал футболшысының қосағы Даниэла Мартинш күйеуінен Қытай клубтарының біріне ауысуға келісім беруді сұрайды. Қытайлық клуб португал ойыншысының трансферіне 20 млн. евро төлеуге келісіп, жылдық жалақыға 10 млн. евро ұсынған. Бірақ, Нани маусым соңына дейін түркиялық клуб сапында қала беретінін айтқан. Осыдан кейін алған бетінен қайтпаған күйеуіне ренжіп, Даниэла балаларын алып Португалияға кетіп қалыпты.

Нани өзінің қазіргі клубында жылына 5 млн. евро алып жүр екен.

Бүгін, сондай-ақ Қытай футбол клубтары бірінің «Челсидің» қорғаушысы Джон Терриге де қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды. Англия құрамасының бұрынғы ойыншысына қытайлықтар бір жылға 26 млн. еуро беруге уәде етіпті.

«Фенербахче» қазір Түркия чемпионатында 19 матчтан кейін 46 ұпаймен турнир кестесінде топ бастап келеді. Нани онда 16 ойынға қатысып, 6 гол соққан және тағы 4 гол пасын берген.

Талқылау