Қытайдан келген ару «Қазақ дауысы» халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды

Сейсенбі, 15 Желтоқсан , 2015 11:09

Алматыда жарты жылға созылған «Қазақ дауысы» халықаралық ән байқауы өз мәресіне жетті. 220-ға жуық өнерпаз қатысқан додада Қытайдан келген қандасымыз Жанат Әділханқызы мен астаналық Cәкен Әлімханов теңдей бас жүлде иегері атанды.

20151215103810

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бәсекені осыдан жарты жыл бұрын Қамшы.кз ақпараттық порталы ұйымдастырған болатын. Оған қазақ елінен өзге, Қытай, Моңғолияда тұратын өнерпаздар да белсене қатысты. Бақ сынаушылардың ішінде алты жасар бүлдіршін мен жетпістегі қария да бар.

20151215103817
Байқаудың бірінші кезеңі үміткерлерге интернет желісінде дауыс беру арқылы жүргізілді. Одан кейін ең көп дауыс жинаған үздіктерді әділқазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдеге тігілген бір миллион теңгені Жанат пен Сәкен теңдей бөлісті. Ал бірінші орынды Елдос Жақсылықов иеленді.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде жалғастырып, ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. Енді «Қазақ дауысы» жобасы үздік әншілерді жеке-жеке сала бойынша анықтамақ.

20151215103821
Естеріңізге сала кетейік, Қытайдан келген қандасымыз Жанат Әділханқызы Ұлттық арнаның «Қазақстан дауысы» жобасы байқауында да өз бағын сынап, іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, қазір финалға жолдама алған үздік төрт әншінің бірі атанды.

20151215103824
21 жастағы жас әнші миллиардтар елінде де әр түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініпті. Ол Үрімжідегі «Шыңжаң» телеарнасының ұйымдастырған «Күміс көмей» ән байқауында финалға дейін жетіп, үздік 10 әншінің бірі атанса, іле-шала Қытай Орталық телеарнасының (CCTV) Бейжіңде өткізген «Шарықтасын әніміз» атты байқауда топ жарып, «Ән патшасы» атағына ие болады.
Ата-жұртына арман қуып келген қандасымыз Жанат енді «Қазақстан» ұлттық телеарнасында алдағы жексенбі күні өтетін «Қазақстан дауысы» жобасының финалында өз өнерін ортаға салады. Сәттілік жолдас болсын деп тілейміз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар