Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 19-ға жетті
Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Сычуань провинциясының билігі жер сілкінісінен қаза болған 10 адамның кім екенін анықтады. Жалпы табиғи апаттан көз жұмғандар саны 19-ға жеткен.

Бұл туралы Sina ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Есімі белгілі болғандардың түгелі ҚХР азаматтары болып шықты. Дерек бойынша, 8 азамат Қытайдың өзге аймағынан келген турист болса, екеуі жергілікті тұрғын. Ал қалған 9 азаматта өздерімен бірге ешқандай құжат болмаған.
Зардап шеккен 247 адамның ішінде бір Франция азаматы, бір Канада азаматшасы болған.
Айта кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да жер сілкінісі тіркелген. Оның қуаты 6,5 балл болды. Алматыда сезілген жер сілкінісінің қуаттылығы төрт балға тең.
Жіберіп алмаңыз:
Ер адам ағасының қолын сөмкеге салып алып жүрген
Дәрігер жүкті медбикенің ішінен аяғымен теуіп, сабап тастады (видео)
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді