Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда юань құнсызданды

Қытайдың Халық банкі ұлттық валютаны құсыздандырды.

images

Мұндай ақпарат Қытай валютасының сауда жүйесі CFETS көрсетті. Жаңа курс – доллар 6,4495 юань тұратын болды.

Ақшаның құнсыздануы бұған дейін, 10 желтоқсанда болған. Қытайдың Халық банкі биыл 11 тамызда бірінші рет ақшаны құсыздандырған болатын. Содан кейін үш күннің ішінде қытай валютасы долларға 4,6 пайызға арзандап кетті. Брақ артынан юаньнің курсі өсіп, қараша айында доллар 6,32 юань болды.

30 қарашада Халықаралық валюталық қор юаньді резервтегі валюталар тізіміне кіргізді. Бұл тізімге жаңа валютаны қосылуы 35 жылдан бері бірінші рет болып тұр. Ол 2016 жылдың 1 қазанында заңға  енеді.

Соған орай юаянь тізімдегі бесінші валюта болып табылады. Тізімде одан басқа доллар еуро, британдық фунт және япондық иен бар.

Талқылау