Қытайда тереңдігі 50 метр ұңғымаға құлаған баланы құтқару үшін 10 экскаватор жұмылдырылды (видео)
Қытайдың Сиань қаласында ұңғыма ішіне құлап кеткен баланы құтқару операциясы 10 сағатқа созылды.

Бұл туралы Daily Mirror хабарлайды.
Тереңдігі 50 метр болатын тар ұңғымаға құлап кеткен бір жарым жасар баланы құтқару үшін оннан астам экскаватор жұмылдырылып, құтқару шарасы 10 сағат уақытқа созылған.

Белгілі болғандай ата, әжесімен бірге серуенге шыққан балақай жер опырылып, ұңғымаға құлап кеткен.

10 сағат бойы арпалысқан құтқарушылар ақырында баланы жер астынан алып шыққан.
Қазір ол аздаған жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Оқи отырыңыз:
Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді