Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда робот дәрігердің емтиханын тапсырды

Қытайда робот дәрігерлер үшін міндетті болып саналатын Ұлттық медициналық лицензиялық сараптама тестін тапсырды. Ол дәрігердің емтиханын тапсырған әлемдегі ең алғашқы робот атанды.

Бұл туралы шетелдік China Daily басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Роботты жасап шығарған iFlytek Co Ltd компаниясының мәліметіне сүйенсек, робот 456 ұпай жинаған. Бұл минималды көрсеткіштен 96 ұпайға артық.

Жасап шығарушылардың айтуынша, аталған робот науқас жайлы сараптама жасап, алдын ала диагнозын анықтай алады. Болашақта ол дәрігерлерге көмек ретінде қолданылмақ.

iFlytek компаниясы роботтың бұл түрін 2018 жылдың наурыз айынан бастап іске қосатынын мәлімдеді. Алайда бұл роботтың дәрігерлерді алмастыра алмайтынын атап өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Қаңғыбас ер адам көшеден 10 мың доллардың түбіртегін тауып алып иесіне қайтарған

Ер адам өзін аңдыған елес баланы суретке түсіріп алды (фото)

Қытайда стюардесса ұшақтан құлап кетті

Ғалымдар әйелдердің неліктен жалғыздыққа ұмтылатындарын түсіндірді

Талқылау