Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда өрттен қашпақ болған ер адам 24 қабатта балконға ілініп қалды (видео)

Қытайдың Юйчжун қаласындағы аудандардың бірінде ер адам өрттен қашпақ болып, 24 қабатта балконға ілініп қалды, деп хабарлайды Channel NewsAsia басылымына сілтеп Stan.kz.

Ол бір қабат төмендегі балконның терезесін шақпақ болған. Бірақ онысынан түк шықпады. Нәтижесінде өрт сөндірушілер терезені шағып, ер адамды құтқарып алды.

Басылым хабарлауынша, тұрғын үйдің 25 қабатында өрт шыққан. Өрттің себебі мен келтірген зардабы жөнінде мәлімет берілмеген.

Оқи отырыңыз:

Жігіт сүйіктісі билеген түнгі клубты өртеп жіберді

Үндістанда адам жегіш жолбарыс үйлену тойының шырқын бұзды (видео)

Солтүстік Кореяда тұтқында өткен 40 жыл: Америкалық қашқынның оқиғасы (фото)

Мысық кір жуғыш машинада киімдермен бірге 40 минут бойы жуылып кеткен

Талқылау