Қытайда мойнына қыруар ақша ілінген қазақ жігіті асылып өлді

Дүйсенбі, 14 Наурыз , 2016 21:51

Қытайда отандасымыз өз-өзіне қол салды. 25 жасар Ербол Суханов Үрімші қаласында 3 жылдан бері мейрамхана әкімшісі болып жұмыс істеген. Ата-анасы ұлдарының өліміне жұмыс берушісін кінәлап отыр. Өйткені дәмхана қожайыны бірнеше күн бұрын хабарласқанында, Ерболдың 100 мың долларды ұрлағанынын айтып, тауып беруін талап еткен көрінеді,- деп хабарлайды ктк арнасы.

672c082790dbcf13fd286fb0f3b46b6e_XL

 
Бүгін таңертең ұлдарының асылып өлгені туралы қаралы хабар әке-шешені естен тандырды. Қытайда жұмыс істеп жүрген Ербол ертең үйге ұшып келуі керек болатын.

 
««Мама, маған ақша тауып беріңдер. Әйтпесе, мыналар мені қорқытып жатыр деді. Жоқ, мама, мен алған жоқпын деді. Аналар мені ұрып, соғып алдың деп 100 мың доллар іліп қойды деді»»,- дейді марқұмның анасы Жанат Жалынбетова.

 
Ербол Қытайға дейін Көкшетаудағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Аспан асты еліне жұмысқа шақырған да осындағы Болат есімді бастығы екен. Оның Үрімшіде қытайлықтармен бірігіп ашқан мейрамханасы бар дейді марқұмның әкесі.

 
«Осы кафенің қожайыны Болат Қытайға алып кеткен. Сенбі баламды алып келем деп уәде еткен. Міне әкелмеді. Енді хабар келіп тұр өлді деген. Болат та 100 мың доллар деді. Менде ондай ақша жоқ»,- дейді марқұмның әкесі Кеңес Суханов.

 
Баласының өлгені туралы хабарды Үрімшідегі жолдастары хабарлаған. Ал жұмыс берушісі болса, телефон тұтқасын көтермей отыр. Не істерлерін білмеген Ерболдың туғандары дәмхананың Көкшетаудағы филиалына барып шу шығарды.

 
Жандарын қоярға жер таппаған Ерболдың туысқандары істің ақ-қарасын анықтамақ. 25 жасқа келген жігіт алдағы жазда үйленуді жоспарлап жүрген екен. Сондықтан, суицидке баруы мүмкін емес дейді әке-шешесі.
Қытайдың Үрімші қаласында қаза тапқан Ерболдың денесін Көкшетауға жеткізу үшін марқұмның туған-туысқандары қажетті құжаттарды әзірлеуге кірісті. Сыртқы істер министрлігіне де хабарласып көмек сұрап отыр. Бастысы жігіттің жұмбақ өлімін тергеп, кінәлілердің жазасын берсе дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар