Қытайда ДНҚ-сы ауысқан үшінші бала өмірге келеді
Қытайлық Цзянькуй Хэ ген зерттеушінің жобасы аясында өмірге үшінші сәби келеді.

Үшінші рет туған сәбидің ДНҚ-сы ауыстырылған. Ғалым бұл жобасын басшылық пен Қытайдағы ғылыми бірлестіктен құпия жасаған.
Ол эксперимент жасау үшін ата-ана атануы тиіс сегіз жұпты алып, зерттеу асады. Нәтижесінде егіз қыздар Лулу мен Нана өмірге келді.
Бірнеше апта бұрын өмірге келген егіздердің иммунитеті ВИЧ дертін жұқтырмауға төзімді. Зерттеудің мақсаты да сол – CCR5 генін алып тастау арқылы эмбрионды жұқпалы ауруға қарсы дайындау.
Ғалымдар ДНҚ-сында хромасоманың осындай аумағы жоқ адамдар өмір бойы жұқпалы дерт жұқтырмауға қауқарлы болады.
Цзянькуй Хэ өз командасының жұмысымен мақтанатынын айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.