Қытайда азамат өз ата-анасын, одан кейін 17 куәгерді өлтірген
2016 жылдың қыркүйегінде 19 адамды өлтірген Юньнань провинциясының азаматына сот үкім шығарды. Өз ата-анасы мен оқиға куәгері болған 17 адамның өмірін қиған баукеспе өлім жазасына кесілді.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
28 қыркүйек күні 28 жастағы Ян Цинпэй Хуэйцзэ уезіне қарасты ауылға ата-анасына келеді. Олардан ақша сұрап, арада келіспеушілік туады. Артынша Ян анасы мен әкесін өлтіреді. Қылмысым әшкере болады деп қорыққан баукеспе 17 бірдей көршісін қыршынынан қияды. Ал қылмыс екі тәуліктің ішінде анықталады.
Қолға түскеннен кейін Ян кінәсін мойындайды. Қылмыскердің аппеляцияға беретін ойы жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Ұрыны аяп кеткен полицей оған ұрланған затты сатып алып берді
Шие дәнегін жеп қойған ер адам өмірімен қош айтыса жаздады
АҚШ-та жолдан өту барысында телефон қолданған жандарға айыппұл салынады
Швейцарияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір пайдалануға берілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі