Қытайда әйел ұл босанғаннан кейін 6 күннен соң егіз қызды өмірге әкелді
Қытайдағы Хэбэй провинциясының тұрғыны ерекше жағдайды бастан өткерді. Біраз уақыт жүктілікті арман еткен әйел жақында ғана ұлды болғаннан кейін алты күн өткен соң егіз қызды өмірге алып келген.

Бұл туралы China News Service хабарлайды.
Оқиға Ичан қаласында болған. Чэнь есімді әйел 2012 жылы күйеуге шығып, балалы болмайды. 2016 жылы тамыз айында ол Ухань қаласында емдеу курсынан өтіп, үшемге екіқабат болған.
21 ақпан күні ол салмағы 1,44 келі болатын ұл баланы өмірге әкеледі. Алайда толғағы осымен тоқтап қалған. Акушер болса жүктілікті жалғастыруға шешім қабылдайды. Ал 27 ақпан күні әйел егіз сәбиді босанды.
“Мен жүкті бола алмай жүрген кезде сәби туралы армандайтынмын. Қазір менде үш бала бар, не істеу керектігін білмеймін”, – дейді бақытты әйел.
Қазір балалар жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оларға қажетті ем-дом көрсетуде. Акушердің айтуынша, өзінің 20 жылдық тәжірибесінде бұл алғаш кезігіп отырған қызық жағдай екен. Ол ұл баланың егіз қыздардан бөлек ұрық қабығында дамығанын айтып өтті.
Оқи отырыңыз:
Ширақ қимылымен турникте түрлі трюк жасаған ақсақал жұртты тәнті етті
Америкалық баскетболшы қарсыласының аяғының арасынан сытылып өтіп кетті
АҚШ-та әкесімен ақшаға бәстескен балақай жабайы бұқаның үстінен секіріп өтпекші болды (видео)
Эминем мен Рианнаның әнін шырқаған тотықұс желіде жұлдызға айналды (видео)
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік