Қытайда 7 адам өлтірген күтуші әйел өлім жазасына кесілді
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының соты егде тартқан әйелді өлтірген ауру күтушіні өлім жазасына кесті.

Сурет foolpix.net
Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
Қылмыс 2014 жылы желтоқсан айында Гуанчжоу қаласында болған. 46 жастағы Хэ Тяньдай өзін жұмысқа алғаннан кейін үш күн өткен соң 70 жастағы әйелді ұйықтататын дәрі беріп улаған. 16 желтоқсан күні таңертең ол әйелге дәрі қосылған сорпа дайындап береді. Әйел оянған соң күтушісі оған дәрі еккен. Әйелдің мұнан кейін де әлі демалып жатқанын байқаған қылмыскер, оны тұншықтырып өлтірген.
Айыпты қылмысын мойындап, қайта шағым түсірмейтінін айтты. Әйел күтуші осыған дейін тоғыз қылмыс жасап, оның жетеуінде құрбандықтарын өлтіргенін де айтып берді.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері
Әсел Қанай Әлем ойындарында "Жыл үздік спортшысы" атағын жеңіп алған
"Намысым "штраф стоянкада": Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні полицияның ту ұстап жүруге тыйым салғанына шағымданды
Айбар Олжаев: "Көлікке ту іліп, айыппұл алсаңыз, бір штрафыңызды мен төлеп беремін"