Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 13 жасар қыз аттракционнан құлап ажал құшты (видео)

Қытайдың Чунцинь қаласындағы аттракционда ойнаған 13 жасар қыз мерт болды.

1184720

Мәліметке сүйенсек, қыз аттракционнан темір дуалға құлап түскен, ауруханаға жеткізіліп, кейіннен қайтыс болған.

Тергеушілер оның қауіпсіздік белбеуі сынғанын, ал қорғаныс тақтайшасы жеткілікті түрде берік болмағанын айтты.

«Кеңістікке сапар» аттракционы соңғы рет желтоқсан айында инспекциядан өткені хабарлануда.

Қытайлық БАҚ осы қайғылы оқиға түсірілген видеоны жариялады. Онда қыз әуелі өз орындығына ілініп тұрады, сосын үлкен екпінмен жерге құлайды.

Қытай билігі парктегі барлық аттракционды тексеру туралы шешім қабылдап, парк жұмысын уақытша тоқтатты.

БАҚ-тың хабарлауынша, қыздың ата-анасы атрракцион паркінен 870 000 юань (127 тыс. долларов) өтемақыға алуға келіскенн. Қаза тапқан қыз отбасында жалғыз бала болған.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде кондуктор мүгедек ер адамның автобустан түсуін талап еткен

Фермер көзіне шөп салған әйелінің басын шауып тастады (фото)

Күйеуі әйелін қағып өлтірген жүргізушіні аңдып жүріп атып тастады

ШҚО тұрғыны 500 мың теңге үшін кәсіпкер әйелді айуандықпен өлтірген

Талқылау