Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлену тойы кезінде еден опырылып, қонақтар жердің ортасына түсіп кетті

Қытайда үйлену тойы кезінде еден қақ айырылып, қонақтар жердің ортасына құлап кетті.

Қытайда үйлену тойы кезінде еден опырылып, қонақтар жердің ортасына түсіп кетті

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға Қытайдың Хэбэй провинциясының Шицзячжуа қаласындағы ең сәнді қонақ үйлердің бірінде орын алды. Мерекелік іс-шара кезінде алты адамға арналған үстелдердің бірі тұрған еден опырылып, ондағы отырған қонақтар жердің астына құлап кетті. Аң-таң болған жас жұбайлардың туыстары мен достары жерге астына түсіп кеткен той қонақтарына көмек көрсетті. Оқиғаның салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінді.

Қадағалау органдары алдын-ала тергеу жүргізу барысында оқиғаның құбырдан аққан судың салдарынан болғанын анықтады. Тамшылап аққан судан жер әбден жұмсарып, отыра бастаған. Ал, тым жұқа еден үстелдің және қонақтардың салмағын көтере алмай, опырылып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау