Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қытай тарапы Қазақстанға көшіп келген қандастарымызды зейнетақысынан бас тартуға мәжбүрлеуде
Қытай тарапы енді қарттарға ауыз салды. Қазақстанға көшіп келген зейнет жасындағы қандастарымызды шақырып алып, зейнетақысынан бас тартуға мәжбүрлеуде екен. Ал, бармай қойғандарының зейнетақыларын тоқтатып тастапты. Былтырдан бері бір тиын да ала алмаған олар, бейнеттерінің зейнетін беруді талап етіп, Қытай консулдығына өтініштерін тапсырды.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Фәтима Әскербайқызы Қытайда қаза тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған. 2007 жылы отбасы Қазақстанға оралған. Өзі мектепте жұмыс істегендіктен, келе алмапты. Кейіннен қатты ауырып, денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығып, Ата жұртына жеткен. 5 жылдан бері зайнетақысын алып келген оны, өткен жылы Қытайға шақырып құжаттарын татып алыпты. Осылайша мәжбүрлдеп зейнетақысынан бас тартқызған. Теңгеге шаққанда ай сайын алып келген 150 мыңым тұрмысымызға жетуші еді дейді.
«Олар мені картамды, зейнетақымды тапсыруға мәжбүрлеп, қыстады. Мен мәжбүрлі түрде бас тартып жатырмын деп жазып едім, бұл жарамайды деді. Өз еркіммен арыз беретінімді жаз деп, мені солай мәжбүрледі. Амал жоқ, мына жақта балам ауырып жатыр, кетуім керек. Сонымен мен өз еркіммен бас тарттым» – дейді Алматы қаласының тұрғыны Фәтима Әскербайқызы.
Тек біздің қолымыздағы дерек бойынша, бұл адамдардың саны мыңнан асады.
Әзірге, шекараның арғы жағындағылардың қанша зейнеткерді зарқақсатып отырғаны беймәлім. Бір белгілісі, 1985 жылы кез-келген Қытай азаматы шетелге қоныс аударып, сол елдің азаматтығын алса да зейнетақысы төленеді деген заң қабылдапты. Соған сәйкес, аспан асты елінен кеткендер көшіп барған еліндегі елшіліктен ақшаларын алып келіпті. Кезінде өздері қабылдаған құжатқа кімдерге зейнетақы төленетінін тайға таңба басқандай етіп жазып қойыпты.
«Шетелде қоныстанған қытайлықтар немесе шетел азаматтығына өткен бұрынғы Қытай азаматтары зейнетке шыққандар. Мейлі, ол білім ізденушілер болсын, үкіметтік қызметтегілер болсын, ұлтына қарамастан, жасына қарамастан, жынысына қарамастан, шетел азаматтығына өткен-өтпегеніне қарамастан зейнетақыны алуға құқылы деп жазған» – дейді «Ата жұрт» еріктілер ұйымының мүшесі Серікжан Біләшұлы.
Қытайдың туристік фирмаларының мәліметі бойынша, шетелде тұратын бірде-бір Қытай азаматтарының зейнетақысы тоқтатылмаған. Тек қазақтарға ғана осындай талап енгізген сыйңайлы. Ал, зейнетақыларын талап еткен зейнеткерлер Қытайдың Алматыдағы консулдығына шағымдарын тапсырды. Біз мәселенің мән-жайны білмек болып еліміз Сыртқы істер минимтрлігіне хабарласқан еді. Ондағылар жуырда болатын брифингте бұған қатысты егжей-тегжейлі ақпарат береміз деп сендірді.