Қытай түсірген деректі фильмде Димаш туралы айтылды (видео)
«Қытай және Қазақстан: Достастық тарихы» атты деректі фильмде Димаш жайлы айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Екі бөлімнен тұратын деректі фильм Қазақстан-Қытай дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына орай арнайы түсірілген. Фильм CСTV орталық телеарнасынан көрсетілді.
Деректі фильмде ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуі, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, экономикалық дамуы, Астана төрінде сондай ақ Қытаймен сауда-саттық, машина құрастыру өнеркәсібі, транзиттік тасымалдау, энергетика, туризм салаларындағы ынтымақтастығы баяндалған.
Әншінің «Singer – 2017» ән байқауы кезінде бастан кешкен оқиғалары айтылады.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елордадағы «Астана-Арена» стадионында 27 маусым күні Димаштың үлкен шығармашылық кеші өтеді. Кешке әлемдегі танымал әншілер мен жанкүйерлер келмек.
Тағы да оқыңыз:
Димаш тағы бір айтулы жүлдеге ие болды
Димаштың анасы 20 жыл бұрынғы хит әнін орындады
Димаштың қытайлық жанкүйерлері Ақтөбеге баруға дайындалып жатыр

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
