Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай мейрамханасында кеспені аспаздың орнына роботтар әзірлейді (видео)

Қытайдың Шанхай қаласында керемет кеспе әзірлейтін мейрамхананың қожайыны өз кәсібін өрге домалату үшін демалу дегенді білмейтін 2 аспаз сатып алды. Олар Жапониядан әкелінген Коя және Кона есімді роботтар.

676362_1_w_570

Ол үшін кәсіпкер 150 мың долларын жұмсапты. Бұл қаржы аспаздыққа алынған екі кісінің алты жыл бойы алатын жалақысына пара-пар екен. Дегенмен мейрамхана иесі құлтемірлерге кеткен шығынның қайтарымы болатынына сенімді. Мәселен қазірдің өзінде үміті ақталып жатқанға ұқсайды. Бұрын аспаздардың жалақысын көтеру үшін кеспенің де құнын өсіруге мәжбүр болыпты.

“Бұл роботтар Жапонияның дәстүрлі Рамэн кеспесін бір жарым минутта дайындайды. Әдетте оларды цехтың ішіне қойғандықтан, қалай жұмыс істейтінін қарапайым жұрт білмейтін. Ал біз оны көпшіліктің алдына шығарып қойдық. Келушілер енді тағамның дайындалу барысын толықтай бақылап отыра алады”, – дейді Toyako Ramen ресторанының иесі Лю Жин.

Талқылау