Ғалымдар кәуаптың зиянды екенін анықтады

Қытай мамандары кәуап құрамында зиянды заттар барын айтты.

Қытай ғалымдары кәуаптың зиянды екенін анықтады

Кәуап құрамындағы заттар адамның ДНК-сын өзгеріске ұшыратып, тіпті қатерлі дертке апаруы мүмкін.

Ғалымдардың ойынша, тіпті кәуап дайындаған кезде мангал жанында тұрудың өзі зиян.

«Кәуап, барбекю немесе гриль дайындау кезінде хош иістендіргіш көмірсулардің көптігінен денсаулыққа зиянды заттар пайда болады. Олардың адам ағзасына түскен соң ДНК-ны өзгертіп, инфекция тарататыны белгілі болды. Алайда теріге сырттан тигенде қалай әсер ететіні анықталған жоқ», – делінген Environmental Science & Technology журналында.

Зерттеуге 22-25 жас аралығындағы 20 адам қатысты. Олар үш топқа бөлініп, кәуап дайындады.

Бірінші топта иістенірілген көмірсулардың теріге түскендегі зияны тексерілді. Екінші топта тамақтың асқазанға түскендегі және түтінді иіскегендегі әсері тексерілді. Үшінші топта тек теріге әсері тексерілді.

Ең зияндысы тамақтың асқазанға түскеннен кейінгі жағдайда болатыны анықталды. Екінші кезекте теріге зиянды жағы көрсетілді. Сондықтан мамандар кәуап дайындағанда денені толық жауып тұратын киім киюге кеңес береді. Өйткені, түтіндгі май теріге тиіп, ағзаға әсер ете алады.


Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар