Қырғызстанның тасымалдаушылары еліміздің көлік заңнамасын жиі бұза бастады
Соңғы уақытта Қырғызстан тасымалдаушыларының Қазақстанның көлік заңнамасын бұзу фактілері жиілеп кетті.

Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Министрлік хабарлағандай, бір тәулікте, яғни 1 қараша мен 2 қараша аралығында 149 қырғыз көлігін тексеру кезінде 16 заңбұзушылық анықталған. “Атап айтқанда, халықаралық қатынаста тез бүлінетін жүктерді тасымалдауға сертификаттың болмауы, тауар-көлік құжатының (CMR) болмауы, жүк габариттерінің параметрлерін бұзу секлді фактілер анықталды”, — делінген хабарламада.
Айыппұл мен алымдардың мөлшері 152 мың 303 теңгені құрады. Министрлік заңбұзушылықтар бойынша ақпараттың Қырғызстанға жеткізілгенін хабарлады.
Жіберіп алмаңыз:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі