Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы тас көшкіні кезінде қазақтандық азаматтың қаза тапқаны расталды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы тас көшкіні кезінде қазақтандық азаматтың қаза тапқанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп хабарлайды.

Қырғызстандағы тас көшкіні кезінде қазақтандық азаматтың қаза тапқаны расталды

«Қайтыс болған адам Қазақстанның азаматы, тағы біреуі ауыр жағдайда жатыр», – деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Сыртқы істер министрлігінде атап өткендей, қазақстандық тікұшақ туристерді эвакуациялауға дайын, бірақ ауа-райының қолайсыздығынан ол жерге қона алмайды.

«Аспан бұлттардан ашылса, эвакуация ертең таңертең басталуы мүмкін», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Скрябин мұздығының аумағында бір топ туристер тас көшкінінің астында қалып қойды. Жапа шеккендердің арасында Қазақстанның төрт азаматы бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау