Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда тас көшкіні салдарынан көз жұмған қазақстандық ғалым болып шықты

ҚР ІІД Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері Қырғызстанда тас көшкіні салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қырғызстанда тау көшкіні салдарынан көз жұмған қазақстандықтың ғалым болғаны анықталды

«Қайтыс болған азамат Алматы қаласында тұрған», – дейді ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин.

Оның сөзінше, зардап шеккен тағы екі адам Алматы тұрғыны, ал біреуі Өскеменнен келген екен.

«Ол (ред. Марқұм) 1976 жылы дүниеге келген. Алматыдағы ғылыми зерттеу институттарының бірінде қызмет еткен. Қазіргі уақытта оның денесі Алматыға жеткізілді. Тұлғасын анықтау жөніндегі шаралар жүргізіліп жатыр», – дейді Юрий Ильин.

Сонымен қатар  министрдің орынбасары тас көшкінінен зардап шеккен тағы 3 адамның да Алматыға жеткізілгенін айтты.

«Барлығы ер адам. Зарап шеккендер Алматыдағы әуежайға жеткен бойда, Апаттық медицина орталығының медициналық қызметкерлері олардың жағдайын тексерді. Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі уақытта оларды ауруханаға жатқызу қажет емес. Егер алдағы уақытта қандай да бір сырқат белгілерін байқаса, өздері медициналық көмекке жүгіне жатар», – дейді министрдің  орынбасары.

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 30 шілдеде, Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Скрябин мұздығының аумағында бір топ туристер тас көшкінінің астында қалып қойды. Жапа шеккендердің арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Олардың бірі көз жұмған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау