Қырғызстанда президенттікке сайлауға түскен Өмірбек Бабанов қызметінен кетті

Дүйсенбі, 13 Қараша , 2017 19:03

Бабанов шетелде емделіп жатыр, ал Қырғызстанда оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Фото: Владимир Воронов

“Республика — Ата-Жұрт” фракциясының лидері Өмірбек Бабанов қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik.

Фракция хатшылығының хабарлауынша, саясаткер қызметінен өз еркімен кеткен.

Өмірбек Бабановтың айтуынша,  “Республика” партиясы мен Республика — Ата-Жұрт” парламенттік фракциясы заң жобаларын сәтті жүзеге асырып, әлеуметтік-экономикалық саясатты өзгерту үшін едәуір қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс. Осыған байланысты Бабанов фракция басшысы өкілеттігінен кетуге шешім қабылдаған.

Жаңа лидер келесі отырыстарда сайланады деп жоспарланып отыр.Естеріңізге сала кетейік, 4 қараша күні Қырғызстанның Бас прокуратурасы өзбек ұлты өкілдерін билікке қарсылық білдіруге шақырғаны үшін президенттікке бұрынғы кандидат Өмірбек Бабановқа қатысты  қылмыстық іс қозғаған болатын.

Фракция лидерінің орынбасары Руслан Қазақбаевтың мәліметінше, қазіргі таңда Бабанов Ресейде емделіп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі

Спорттан шеттетілген Илья Ильин 2020 жылы Олимпиадаға қатысуы мүмкін

Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр: Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертілмек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар