Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда қазақстандықтардың тіркеусіз жүру мерзімін қысқартпақ

Қырғызстанда Миграция жөніндегі мемлекеттік қызмет басшысының орынбасары Алмазбек Асанбаев қазақстандықтардың тіркеусіз жүру мерзімін қысқарту жайлы «Қырғызстан: ЕАЭС-дағы алғашқы жыл, нәтижелері мен көрсеткіші» атты конференциясында айтып өтті.

17a77c6942b8b8202af241cf8f988fbf

Сурет:  kapital.kz

Оның айтуынша, ЕАЭС ережесіне сәйкес, қазақстандықтар Қырғыз елінде тіркеусіз 30 күн жүре алады. Ал, Қырғызстан азаматтары Қазақстанда 5 күн ғана жүре алады.

Біз тепе-теңдік үшін қазақстандықтардың да біздің елде тіркеусіз жүру мерзімін 5 күнге қысқартқымыз келеді. ЕАЭС ережелеріне сай Қазақстан біздің азаматтарымыздың да ҚР аумағында 30 күн тіркеусіз жүруге рұқсат беруі керек. Олай болмаса, біз де уақытты қысқартамыз», – дейді миграция жөніндегі мемлекеттік қызмет басшысының орынбасары.

Ал,  қазақстандық сарапшы Расул Бахманов мұның Қырғызстан үшін тиімсіз екенін айтады.

-«Туризм қалай болады? Қостанайдан бір отбасы Ыстықкөлге барып тіркелу үшін ІІАБ іздеп жүре ме?», – дейді Расул Бахманов.

Талқылау