Қырғызстанда 29 тамыз аза тұту күні деп жарияланды

Дүйсенбі, 29 Тамыз , 2016 11:56

Президент Алмазбек Атамбаевтың жарлығымен 2016 жылдың 29 тамызы Қырғызстан Республикасында аза тұту күні болып жарияланды.

60831w660h490croplr

Бұл туралы kyrtag.kg хабарлады.

“2016 жылдың 27 тамызында қос бірдей қайғылы оқиға болды. Қырғызстан Республикасының 14 азаматы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы өрттен қаза тапты. Бішкек-Ош автожолындағы жол апаты 9 отандасымыздың өмірін жалмады”, – делінген жарлық мәтінінде.

“Бұл Қырғызстан халқы үшін ауыр қаза. Қырғызстан Республикасының мемлекеттік органдары қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қолдау көрсетеді. Адамдардың опат болу себептерінің әділ тергелуін қамтамасыз ету жұмысы, оның ішінде Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізілуде”, – деп атап өтті президент.

Алмазбек Атамбаев қазаға ұшырағандарды аза тұтып, олардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айта отырып, 2016 жылдың 29 тамызын Қырғызстан Республикасында аза тұту күні деп жариялады.

Аза тұту күні Қырғызстан Республикасы аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консульдық өкілдіктер ғимараттарындағы мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. Ойын-сауық шаралары тоқтатылады.

Еске сала кетсек, Мәскеуде болған өрт кезінде 17 қырғыз азаматшасы қаза тапқан еді. Олардың денесі бүгін Мәскеу-Ош-Бішкек бағытында Қырғызстанға жеткізілмек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар