Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыздар енді қазақша хиттерді аударуда

Қырғыз елінің әншілері  Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлінің орындауындағы “Алло” әнін өз тілдерінде шырқауда.

аллооо

Бұл туралы “Ақтөбе” басылымы жазды.

Қырғыздан талай ән ұрлағанымыз, немесе өзара келісіммен сөзін қазақшалап, шырқап жүргеніміз әмбеге аян. Тіпті осы күні бір хит ән естілсе, осының түбі қырғыздікі емес пе екен деп тұратын болдық. Бірақ енді қарымта қайтаратын кез келген екен. Ақтөбелік Қайнар Алакөзов сөзін жазып, тағы бір ақтөбелік Құрал Молжанов әнін жазған «Алло» әні Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлінің орындауында нағыз хитқа айналғанын  болатын.

Енді сол «Алло» әнін қырғыздар өз тіліне аударып айтып жүр екен. «аударып» дегеніміз сөздің сірағасы ғой, әйтпесе бауырлас екі ел бір-бірін тілмәшсіз-ақ түсінеді емес пе?! Дегенмен «Ой,ой, қарындаш, андай демеңіз…» — деген қырғыздың сөзі құлаққа біртүрлі жылы тиеді екен.

Бұл “Алло” әнінің қырғызша нұсқасы.

Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлінің орындауындағы  “Алло” әні.

Талқылау