Ресейлік бағдарламашыға тұрмысқа шыққан Атамбаевтың қызы той туралы айтып берді

Сенбі, 10 Қыркүйек , 2016 13:34

Қырғыз президентінің қызы Әлия Шагиева ресейлікке тұрмысқа шықты. Сән-салтанаты келіскен үйлену тойының анық-қанығы белгілі бола бастады.

5555555555

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия (жақында ғана анасының тегіне өтіп, Шагиева атанды) мен жас бағдарламашы Константиннің тойы Бішкектегі Skyhall мейрамханасында өтті. Жас жұбайлар тойды тек жақын туыстарының арасында ғана атап өтуді жөн деп санапты. Банкетке тек 30-ға жуық адам ғана шақырылған. Олардың арасында күйеу баланың туыстары мен келіннің жақындары бар. Сондай-ақ, әріптестері де құрметті қонақтар арасынан табылды. Тойлау салтанаты европалық стилде өтті. Келін де аса қатты әшекейсіз тігілген той көйлегін киіп шықты.

444444444444

Константин қырғыз ханшайымына ұсынысты екі ай бұрын жасапты.

“Көзқарасымыз оң болды. Менің ата-анам Костяны бірер жылдан бері біледі және оны ұнатып та үлгерді”, – дейді қырғыз қызы.

ssss

“Қырғыз ханшайымының” күйеуі Бішкекте өмірге келген. Бағдарламалаумен айналысатын Константин жарқ-жұрқ еткен қымбат кештерді жақтыра бермейді екен. Ол екеуі Әлияның 15 жасында (қазір Әлия 19 жаста) интернет арқылы танысқан. Танысқан соң тек бір жарым жылдан кейін ғана ол сүйіктісінің әкесі ел президенті екенін біліпті. Сондықтан жігітті есеппен үйленіп жатыр деуге келмейтін секілді.

svvs

“Костя екеуміз төрт жылдың ішінде бірге де суретке түспеппіз. Енді соның сәті бүгін ресми түрде туындап отыр. Енді біз ерлі-зайыптылармыз және құттықтаулар қабылдауға дайынбыз”, – дейді Әлия.

Бұған дейін Шагиева Инстаграмдағы статусын өзгерткен еді. Ол love story үшін жасаған фотосессиядан үзінділер де жариялаған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Тот сам says:

    Скоро или выборы или революция, рашке одно место шлифует атамбай

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар