Қырғыз қызының қолаң шашы өзінің бойымен бірдей (фото)

Сейсенбі, 9 Ақпан , 2016 8:51

Қырғызстандық Самара Абакирова шашын 15 жылдан бері өсіріп келеді. Қолаң шашының ұзындығы – 160 сантиметрге жеткен.

ыыыыы

Суреттер Фейсбуктағы парақшасынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Қыздың ата-анасы шашын қидырып тастауға қарсы болған. Ал қазір Самараның өзі де осындай сұлулықтан айырылып қалуға қорқады.

«Мен бала кезден өсіріп келе жатырмын. 12 жасымнан бері бір де бір рет шаштараздың алдына барған емеспін. Қазір жасым 29-да. Анамның да, сіңілімнің де шаштары ұзын», – дейді Абакирова.

Оның сөзінше, осындай ұзын шашты сақтау үшін шыдамдылық пен ерекше күтім керек екен. Шашты жуып, кептірудің өзі ұзақ уақыт алады.

«Көп адам менің ұзын шаштарыма таңғалады. Көшеге шыға қалсам болды, кішкентай баладан үлкен кісілерге дейін таңырқап қарап, ризашылықтарын білдіреді. Тіпті кейбіреулер менімен суретке де түсіп алады», – дейді ол.6561556481_464593803673642_5734762653470650086_o 10013447_464594457006910_1400702818010110050_o 10272565_464594103673612_7769884612895624763_o ыыыыы11072812_639250819541272_6239264580150534777_n

Күнделікті өмірде Самара шаштарын жинақы етіп өріп алады. Ал мұндай шашты ерекше үлгімен сәндеп алудың бағасы 3000 сомнан жоғары екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар