Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз азаматтары автобус дәретханасына тығылып, шекара аспақ болған

«Жұмыс істемейді» деген хабарландыру ілініп, құлыпталынып тұрған әжетхананың кілтін автобус жүргізушілері ұзақ іздеген. Сөйтсе, кіп-кішкентай қуысқа 5 адам тығылып алыпты.

1331806458_daewoo-semey

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Автобустың оң жақ қапталында орналасқан, «Жұмыс істемейді» деген хабарландыру ілініп, құлыпталынып тұрған әжетхананың кілтін автобус жүргізушілері ұзақ іздеген. Шекарашылар талаптарын қатаң түрде қоя бастаған кезде барып әжетхананың есігі ашылған. Сөйтсе, кіп-кішкентай қуысқа 5 адам тығылып алыпты.

Тексеру барысында олардың Қырғыз Республикасының азаматтары екендігі анықталды. Үшеуінің миграциялық карточкалары жоқ, ал екеуі мүлдем құжатсыз. Бұларды ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр, ал 30 жастағы және 24 жастағы екі жүргізушінің (екеуі де Қырғыз Республикасының азаматтары) істері заңсыз миграцияны ұйымдастырғандары үшін ҚР Қылмыс кодексінің 394-бабының 1-бөлігі бойынша тексерілетін болады.

Талқылау