Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әншісі Еркенің әнін ұрлап, клип түсіріп алған (видео)

Ерке Есмаханның “Қайда?” атты клипі тағы да рекорд орнатты. Елді шулатқан бұл бейнебаянды тамашалаушылар қатары Қазақстан халқы санынан асып түсті, яғни 25 миллионға жетті. Бір қызығы, аталған ән елімізде ғана емес жақын маңдағы көршілерімізде де танымал болып шықты. Тіпті, айыр қалпақты ағайындар Еркенің рұқсатынсыз әнді ұрлап, клип түсіріп алған көрінеді, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін шамамен мектеп жасындағы оқушы қырғыз қызы Еркенің әнін өз тілінде орындап, желіні шулатқан болатын. Видео таралысымен-ақ, ел кім кімнен ән ұрладыны анықтауға кірісті. Алайда Еркенің жұлдызын жарқырата түскен әнді өзіміздің авторлар жазған. Хит туындының әнін Диана Исмаилова есімді жас сазгер жазса, ән мәтіні “хит” ақын Қайнар Алагөзовтің қаламынан туған.

Бірнеше күн бұрын тағы бір қырғыз әншісі Еркенің әніне түсірген бейнебаянын ел назарына ұсынды. Гүлназ Чыныбек есімді өнер иесі Еркенің әнін ғана емес, клип түсіру идеясын да ұрлап алған көрінеді. Қос бейнебаянның ұқсайтынын байқаған желідегілер осылай деп дабыл қағуда!

Бір қызығы, аталған жайдан Еркенің өзі бейхабар болып шықты. Оның қырғыз әріптесін сотқа берер-бермесі әзірге белгісіз.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали үйленіп алып екі балалы болғанша той жасамауының себебін айтты

Сейфуллин Жолбарыс жас келіншегінен сүйген балаларын көрсетті (фото)

Жазира Байырбекова мен әнші Аиша телехикаяға түсуде (видео)

Асхат өзінің Еркемен қарым-қатынасына қазіргі келіншегінің қалай қарайтынын айтты

Талқылау