Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай адасудан Алла сақтасын": Ораза ұстау Құранда жоқ деген тележүргізуші жұрттың ашуына тиді

Әлеуметтік желідегі парақшасында Жанар Байсемізова оразаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде 125 мың оқырманы бар тележүргізуші мотиватор ретінде танылып үлгерген. Халықтың жүрегінен орын алып, кеңестерін бөлісіп жүрген Жанар ханымның оразаға қатысты соңғы жазбасы халықтың ашуын келтірді.

Жанар Байсемізова әлеуметтік желідегі парақшасында «Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ» деп пікір білдірген. Тележүргізушінің бұл жазбасына халық шамданып, наразылық танытты. 

«Ертең бір ойыңызды жинақтап пост шығарасыз деген үміттемін. Мына жазба сіздікі емес. Сіздің жазбаларыңыз Аллаға жақын. Былтыр өзіңіз ораза ұстап, оны 10 күн емес, 30 күн ұстағаныңыз анық есімде. Биылда солай болар», «Жанар ханым, жоқ жерден жаңалық ашу ұнайды-ау сізге. Онсыз да екі ойлы боп жүргендер шын қабылдап қалып, қаншама адамның адасуына себеп болып қалмаңызшы. Ораза - бес парыздың бірі», «Мынаны xайп көздеп жазсаңыз да, ақылсыздықтың ең жоғарғы сатысында жаздыңыз!», «Мынау таза алжудың алдындағы синдром. Алла сақтасын мұндай адасудан» - деп шулады жұрт.

Алайда өзінің пікірінен жансақтық көрмеген Жанар Байсемізова қанша танымал адамдар пікір қалдырса да, жазбаны өшірмейтінін айтып шорт кесті.

«Менің жазбамның астына танымал адамдарды белгілемей-ақ қойыңыздар. Олар өздерінің әнін айтып, жұмысын жасап жүре берсін. Постты алып таста деп өтініш айтқандар: Бұл жазба сол жерде қалады», - дейді Байсемізова.

Жанардың бұл пікірі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева «Ораза Алланың парыз еткен амалы» деп пікір қалдырғанына, психолог Құралай ханым мен журналист Асхат Садырбай жазбасын желіден алып тастауын өтінгеніне байланысты айтылған болатын.

Оразаны жоққа шығарған Байсемізованың ойын жұрт адасу немесе қандай да бір теріс пиғыл деп түсінді.

Талқылау