Құны 93 млн теңгеден асады: Жапониядағы дәмханаға клиенттері тамақ емес, дәретхана үшін келуде (видео)
Жапонияның Акаси қаласындағы дәмхана тамағымен емес, дәретханасымен танылған. Оның ерекшелігі сонша, тіпті, ерлердің өзі әйелдерге арналған дәретхана кіріп көруді армандайды. Ал дәмхана қызметкерлері адам кезде кезде ерлерге дәретхананы көруге рұқсат береді екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Hipopo Papa дәмханасындағы дәретхананың қабырғалары шыныдан жасалған. Ал дәретхананың сыртына экзотикалық балықтары бар үлкен аквариум қойылыпты. Бұл дәмхана 12 жылдан бері қаланың көрікті орындарының бірі ретінде саналып келеді.
Дәмхана иесі әйелдерге арналған дәретхананы ерекше етіп салу үшін 93 млн теңгеден аса ақша жұмсапты.
Дәмхана қызметкерлерінің сөзінше, клиенттердің кейбірі уақытының басым бөлігін тамақтанумен емес, дәретханада өткізеді.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"