Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қымбатшылықтың кесірінен Астананы қар басып қалуы мүмкін

Жанармайдың қымбаттауынан Астанада биыл қар тазаланбай қалуы мүмкін. Өйткені, 300-ге жуық жүк көлігі жұмыс істеуден бас тартып отыр.

Айтуларынша, төленетін ақыдан шығын көп.  Былтыр алғашқы қарда көшелерді тазалай алмай, премьер-министрдің өзі үкімет отырысына кешігіп келгені ұмыт бола бастағандай,-деп жазды 31 арна.

Мәселенің бәрі қар шығарушылардың 1 сағат жұмысына төленетін 3200 теңгеде болып тұр. Түйткілдің басын ашып алу үшін наразы топтың бір бөлігі «Астана-Тазалық» басшысымен кездесуге кеңсеге кірді. Артынан ұмтылған бізді күзетшілер тоқтатты.

Бізге жабық жиында басшысының айтқанын жүк көлігін жүргізушілер өздері түсіріп алыпты. Директор көңілге қонымды жауап айтпаған.

«Бұл мәселені мен қала деңгейінде көтеріп жатырмын. Бүгінгі таңда қызметке төленетін ақының көлемі белгіленбеді. Қала билігі біледі, қарастырып жатыр»,-дейді «Астана-Тазалық» ЖШС директоры  Боранбай Болатбеков.

Толымды жауап естімеген топ содан кейін шенеуніктердің пікірін білмекке әкімдікке барды. Жүргізушілердің жиналғанын полицейлер жеткізсе керек, жауапты басқарма басшысы тілдесуге шықты.

Жүргізушілер арадағы делдалдар үстімізден жонып жеп отыр деді. Сондықтан олар әкімдіктің «Астана-Тазалыққа» қанша қаржы бөліп жатқанын білмек болды. Алайда, басқарма басшысы нақты санын айта алмады. Тек, жыл сайын қаланың қарын тазалауға 6-7 миллиард теңге бөлінеді деді.

Шенеунік, делдалдардың мәселесі өзекті екендігін де жасырмады.

«Әкімнің тапсырмасымен 1 жылдай айналысып жатырмыз. Сіз айтқандай делдалдар болмасын деп. 15 жыл айналысқан, барлығы үйреніп қалған ғой бір-біріне.

1 жыл болды. Соның дұрыс схемасын тауып жатырмыз. Бөлінген ақша қызмет істеген адамға жетсін деп»,-дейді Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы  Төлеген Закарьянов.

Алайда, атқамінер биыл баға осы 3200 теңгеден көтерілмейді деп кесіп айтты. Келер жылғы соманы белгілеу үшін ақылдасайық деп жүк көлігінің жүргізушілерін ертең қабылдауына шақырды. Наразы топ болса, шұғыл шешім табылмаса қар жауғанда жұмыс істемейміз деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстіктегі мұнай ұрлығына лауазымды шенеуніктердің қатысы болуы мүмкін

Атыраудағы қалыңдық өлімі: Оқиғаның қалай болғаны туралы күйежігіттің нұсқасы

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Қостанайда 7 ұстаздың алаяқтық жолмен диплом сатып алғаны анықталды

Талқылау