Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қымбат нөмір 685 мың теңге: Еліміздегі көлік нөмірлері қанша тұрады?

Елімізде автокөлік нөмірлерінің құны белгілі болды. Бұдан былай, жүргізушілер көлік басқаруға рұқсат беретін куәлікті алу үшін – 3 мың теңге көлемінде ақы төлейді.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ие болу үшін де осындай қаражат қажет, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ал, нөл санынан басталып, нөл санымен аяқталатын нөмірлердің құны 140 мың теңгеге жуықтайды. Одан бөлек, 100,111 немесе 222 сандарымен белгіленген мемлекеттік тіркеу нөмірінің бағасы – 470 мың теңгеден асады. Бұлар – қымбат әрі жылдам жатталатын нөмірлердің қатарында. Оған бай-бағландардың тарапынан сұраныс жоғары. Ал, 001, 002 сынды нөмірлерді көлігіңізге таққыңыз келсе, онда 685 мың теңгеге шығындалуыңызға тура келеді.

Тағы да оқыңыз:

Қарағанды облысында жеке меншік үйде иіс тиіп уланған бес адам көз жұмды

Мұсылмандық бейнесінде жасалған Крещение суаты желіде шу болды 

Мен оны 22 жыл күттім: Астанада егде жастағы ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Талқылау