Қыдырәлі мен Қарақат Астанада зәулім коттедж тұрғызып жатыр (видео)
“Ауылдағыдай өмірді аңсаймыз…” Қыдырәлі Болманов жастық шақтағы арманына қол жеткізудің қамына кірісті. Музыкант әрі кәсіпкер қазіргі уақытта Астана қаласынан зәулім коттедж тұрғызуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Өзімізге жақсы көрші іздейміз! Қасиеті көп ауылда өскен балалар-үй салғысы келіп тұрады. Жеке үй, ит ұстасаң болды, ауылда тұрғандай әсер береді. Аула, алтыбақан, турник, Алла бере салғандарың ойнайтын алаңқай, құлыншақтарың ойнап, дос болатын ит асырау (бала үшін ит асырау өте маңызды дер едім, кісінетіп бір-екі жылқыны қорада ұстап, Қарақат дайындаған “сіп-свежий” қымыздан күнде ішіп, жорғаңды мініп жорғалатсаң). Әп-әдемі арман, келісесіз бе? Қандай қиындық көрсеңіз де, әдемі армандаңыз”, – деп қуанышымен бөлісті Қыдырәлі Болманов.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа сәттілік тілеп, болашақта қоныс тойын тойлауға тілектестік білдірді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"