Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов философия ғылымдарының докторы атанды

Қыдырәлі Болмановтың 2012 жылдан бастап қолға алған ғылыми еңбегі Халықаралық кеңестiн қаулысымен ғылыми дәлелдендi. Әнші бүгiннен бастап PhD (Психологияға бағытталған философия ғылымдарының докторы) атанды.

12327967_1526043511056343_798880116_n(1)

Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жариялады.

“Аллаға шүкiр…..Ғылымнын есiгiн ашып,”инемен құдык” казып, ол құдыктан су шыққанын көру, ерекше бақыт екен. Ресей ғылыми-кеңесiнен өте жоғары “балга” қорғап шықтым. Яғни өте жоғары баға алдым, әлi қорғалмаған тың тақырып екенiн, ен бастысы тектi ұлтымыздың этнопедагогикасының ғажап екенін, бесік жырының  бала тәрбиесінде, ұрпақ санасында ерекше орын алатынын, ауадай кажет екенiн ғылыми дәлелдеп шықтым… Аллаға сансыз мадақ !!! 2012 жылдан бастап қолға алған зерттеулер мен ғалымдармен бiрiге жасаған “учебно-методический комплекс”, бүгiнде Халықаралық кеңестiн қаулысымен ғылыми дәлелдендi. Мен бүгiннен бастап PhD (Доктор философии направление психологий ) Шүкiршiлiк !!! Ұйқысыз түндер, мазасыз күндер артта қалып, тагы да не iстейiн текті де киелі Ұлтым үшін деееееп отырған”, – деп жазады Қыдырәлі Болманов. 

Оған барша желі қолданушылары құтты болсын айтып, еңбегінің жемісін көруді тілеп жатыр.

Талқылау