"Құдды ересек адам секілді": 12 жасар блогер қыз өзі тапқан ақшаға BMW көлігін сатып алды
Таиландта тұратын бьюти-блогер Натанан Санунрат өзінің 12-ші туған күніне құны 150 мың британ фунты болатын BMW автомобилін сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Nong Pear атты есіммен танылған қыз, тіпті, аяғының көлік педаліне жетпейтінін мойындады. Санунрат 18 жасқа толғанға дейін аталған көлікті ата-анасы мінетін болады. Блогер кәмілеттік жасқа толған шағында Porsche маркалы автомобильді алуды жоспарлап отыр.
Санунрат YouTube желісінде макияж туралы видеоблогтар жүргізу арқылы ақша табады. Оның каналында бірнеше мың жазылушысы бар. Ол небәрі 3 жасынан бастап боянып, төрт жасқа толғанда алғашқы бьюти блогын түсірген болатын.
Ата-анасы қыздарын блог түсіруге міндеттемейтіндерін айтады.
«Біз Санунраттың қызығушылығын қолдаймыз, бірақ оны міндеттемейміз. Оған бұл қажет те емес. Себебі, ол ересек адам секілді өзін өзі ұйымдастыра біледі», - дейді олар.
Талқылау

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
Соның ішінде ең көп қымбаттағандары: шоколад – 28%, глазурленген кәмпиттер – 13,9%

LRT құрылысы, ғарышты игеру мен спортты дамыту: Министрліктер алғашқы жартыжылдықта бюджет қаржысын қайда жұмсады
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік бюджет қалай жұмсалғанын жаздық