Құздан құлады: Ер адам немересін құтқарам деп мерт болды
Американың Нью-Мексико штатында 63 жастағы ер адам немересін құтқарам деп мерт болды.

Тауға барған сапарында Джерард Гринаф пен 13 жастағы немересі Остин Керли отырған көлік құзға тіреліп қалады. Ер адам қауіпті жерден шықпақ болады. Алайда көлік астындағы тас дөңгелеп, 45 метр биіктіктен төменге құлдилайды. Көлік құлай бастағанда атасы немересін құшақтап, соққы тигізбеуге тырысады.
Оқиға орнында кездескен фельдшер жігіт ер адамға көмектеспек болады. Ол 20 минуттай күрескенімен, аман алып қала алмады. Жеткіншек көп қан жоғалтқан, бауыры мен ұйқы безіне зақым келген. Сүйегі мен омыртқасы сынған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, қазір үйіне шығуға дайындалып жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі