Күйеуі достарының алдында билеуден бас тартқан әйелін ұрып-соғып, шашын тақырлап тастаған
Пәкістанда әйелін ұрып-соғып, шашын тақырлап алып тастаған ер адам тұтқындалды. Ол әйелі достары үшін билеп беруден бас тартқаннан кейін осындай әрекетке барған.

Желіде соққыға жығылған әйелдің көмек сұраған видеосы пайда болғаннан кейін полиция ер адамды тауып, тұтқындаған, деп жазады The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Әйелдің сөзінше, ол күйеуі мен оның әріптестері үшін билеп беруден бас тартқанда, ер адамдар ашуға беріліпті. Олар әйелді шешіндіріп, шашын тақырлап алып тастап, артынша темір құбырмен ұрған.
Сонымен қатар полиция әйелдің ісін тіркеуден бас тартыпты. Себебі пара бере алмадым, дейді ол.
«Полиция медициналық тексеруден өткізу үшін де ақша сұрады. Менің оларға төлейтін ақшам болмады», - дейді әйел.
Желіде жарияланған видеоның арқасында билік оқиғаға назар аударып, полиция оның күйеуін тұтқындады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"