Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылқы қожайынын құтырған иттен құтқарып қалды

Австралияның Линтон қаласындағы Виктория штатында жылқы қожайынын көшенің қабаған итінен құтқарып қалды.

Бұл туралы The Courier хабарлады деп, жазады Stan.kz.

Қаңғыбас төбет атпен серуендеп жүрген Виктория штатының тұрғынына шабуыл жасады. Құтырған ит аттың үстінде отырған әйелдің аяғынан тістеп, жерге бірақ құлатқан. Сол сәтте жануар қожайынын құтқарып, қаңғыған төбетті үркітіп қуып жіберді.

Ит әйелді тістемек болғанда жылқы иесінің денесін мойнымен жауып қалған. Сол сәтте қабаған төбет аттың мойнын тістеп үлгерген. Кейін жануарға ветеринарлық көмек көрсетілді. Ал аттың иесі аяғынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қаңғыбас ит әлі қолға түскен жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер өзінің әулиелігі барын айтып сендірмек болған жеткіншектің өтірігін әшкерелеп берді

Сұлулық блогері қасын балықтың құйрығына айналдырды

Жүргізуші көлігін автотұрақтан шығару үшін керемет қозғалыс жасады (видео)

Егіз жігіттер егіз қыздарға үйлену туралы ұсыныс жасады

Талқылау