Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылыс алаңына баласын тастап кеткен оралдық келіншек сәбиін қайтарып алатын болды 

Аналық құқынан былтыр желтоқсанда айырылған Зарина Досмұхаметова осы кезге дейін аналық мейірімі қайта оянғанын дәлелдепті. Бұл туралы КТК хабарлады.

Құрылыс алаңына баласын тастап кеткен оралдық келіншек сәбиін қайтарып алатын болды 

Яғни, 21 жастағы келіншек осы уақыт аралығында жетімдер үйіндегі сәбиін көру үшін жиі келіп тұрған. Өрескел тәртібімен көзге түспеген. Енді сот шешімі күшіне енгесін бала анасына қайтарылады. Айта кетейік, былтыр жазда Орал қаласындағы құрылыс алаңынан құндақталған, қараусыз шақалақ табылған-ды. Кейін оның анасы Заринаның күйеуімен ұрысқаннан осындай қадамға барғаны белгілі болды. Ол «қауіпті жағдайда қалдырды» деген баппан айыпталып, сот шешімімен аналық құқынан айырылған болатын. Әйтсе де, кейін жас ана ашумен қылған ісіне өкінетінін білдіріпті.

“Балаға керек-жарақтың бәрін әкеліп отырды. Сосын талап бойынша барлық құжаттарды жинап, баласын қайтаруға өтініш өткізді. Өзінің өкінгенін айтты. Осы қателігін енді қайталамайды деп үміттенеміз”,- қалалық білім басқармасы Балалардың құқығын қорғау бөлімінің маманы Альфия Дунекова.

Тағы оқыңыз: 

Қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін басы дауға қалған Qazkom ресми түрде кешірім сұрады (видео)

Астанада медициналық университетіндегі жанжалға кінәлілер жұмыстан қуылды

ШҚО-да сәбиін босанып лақтырып жіберген мұғалімге қатысты жаңа деректер

Талқылау