Құрты мен майын сатып отбасын асырайтын ананың бір күні (фото)

Жексенбі, 27 Наурыз , 2016 13:59

Қазақтар жасаған құртқа өзге елдердің қызығушылық танытып, көп мөлшерде тапсырыс беретінін де жиі естіп жатамыз. Ал осы табиғи таза құртты алу үшін қанша еңбек кететінін білесіз бе? Stan.kz сайтының  ОҚО-дағы тілшісі он жылдан астам уақытын сүт өнімдерінен жасалған тағамдарды әзірлеуге жұмсаған Жұмабекова  Арапат ананың бір күнін бақылап көрген еді.

құрт21

Әрине  себеттегі дайын құртты көргенде көпшіліктің тәбеті ашылып, дәмін елестете бастайтыны анық. Елуге жуық мына құртты жасау үшін Арапат ананың бір күні кеткен. Себебі сүтті құртқа айналдыру үшін бірқатар ережелер мен  тәртіпті оның ішінде уақытты сақтау керек.

құрт4

Әрине алдымен сиырды сауып алу керек.  Құрт жасауды үйретуге келіскен Арапат ана жұмысын істей отырып күнделікті ісі жайлы айта отырды.

“Күнде әдеттегідей сиырды сауып аламын. Біздің сиырлар арнайы кәсіпкерлікке арналған асыл тұқымды болмағандықтан сүтті де айтарлықтай көп мөлшерде ала алмаймыз. Шамамен күніне 8 литр сүт береді”,-деп бастады әңгімесін Арапат ана.

құрт5

Әлі пісірілмеген сиыр сүтінің майлылығын түріне қарап ажыратуға да болады. Мысалы кей кісілер осы шикі сүттен қаймақ алады. Бірақ біздің кейіпкеріміз олай жасамайды. Себебі сүттен қаймақты алып қоятын болса сары майдың салмағы азайып қалады екен. Ал Арапат ана әр жексенбі базарға тек май мен құрт шығарады.

құрт15

Осыдан кейін сүтті пісіру керек.

құрт7

Піскен сүттің суығанын күтеміз. Әрине қатты мұздап кеткені де дұрыс емес. Сүтті жылы күйінде ұйытқы яғни айран қосып ұйытып қояды.

құрт13

Ұйытқы салынған сүт жылы күйінде ең азы бес сағат тұруы керек. Сол үшін де оны орап қою керек.

құрт12

Ал сүтіміз айранға айналғаннан кейін одан майды бөліп алу процесі жүзеге асырылады.

құрт11

Кей кісілер түрлі құрылғылар шыққанына қарамастан “күбінің майы дәмдірек болады” деп ескі әдісті пайдаланады.

құрт2

Бұл уақытта май айраннан бөлінді.

құрт10

Күбіде қалған майсыз айранды тағыбір мәрте қайнатып алу керек. Осы кезде айранның қоюы мен сарысуы екіге бөлінеді.

құрт19

Айран мынадай болып өзгереді. Сондай-ақ оның қоюын бөлек алу керек болады.

құрт8

Қайнаған айранды матадан тігілген қапқа құйып, суын сырғып алу керек болады.

құрт14

Айран осылайша мата қапта тағы 5-6 сағат тұруы керек.

құрт16

Енді айран сүзбеге айналды.

құрт3

Осы кезде сүзбеге тұз қосылып, құрттың формасын жасауға кірісуге болады.

құрт20

Қалада көпшілік осындай таза табиғи құрттың өзін кейде таппай қалатыны рас. Арапат ана түрлі қоспалардың қалай пайдаланылатынын тіпті білмейміз дейді.

құрт6

“Кейде базардағы адамдар “ұн қосылмаған ба” деп сұрап жатады. Ұн қосуға болатынын солардан естідік. Өзіміз құртты сатып алып жемеген соң қоспасы барлардың дәмін де білмейді екенбіз. Кейде өзіміз қыста емдік үшін бқрыш қосатынымыз бар”,-дейді.

құрт9

құрт17

Арнайы себеттерге салынған құрт кепсе болғаны, базарға шығарылады.

құрт1

құрт22

“Осылайша аптасына 5кг май мен 6кг құрт дайындап сатылымға шығарамын. Әрине біз сияқты өздері жасайтын кісілерден базардағы алыпсатарлар бәрін бірден арзандау бағада алып қалады. Онысы өзімізге де тиімді. Апта бойына үй шаруасымен қатар құрт пен майды дайындап отбасыма азық-түлік алатын қаржыны шығарамын. Мысалы құрттың келісін 1000 теңгеден, май 800 теңгеден. Сонда аптасына 10 000 теңге табысым бар”,-дейді Арапат ана.

Күміс алқа иесі Арапат ана бүгінде 6 бала тәрбиелеп отыр. Сүт өнімдерін өңдеуді келін болып түскен күннен бастап қолға алған. Әрине алғашында кәсіп етемін деп ойламаған. Ауылдастары мен таныстары құрт пен майын сатуын сұраған кезде,  басында ақысын алуға ұялып, тегін таратыпты. Қазірдің өзінде алыпсатарлармен саудаласып тұрмайтын көрінеді.

Ал сіз қалада осындай табиғи құртты қанша теңгеден сатып аласыз?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

31
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    иа аламын 87756564660

    • Жұмбақ жан says:

      Тамаша, бұл нағыз табиғи, еш қоспасыз дайындалған дәрумендер, бала-шағаның несібесі. Алла сізге денсаулық берсін. Ал бізде яғни Алматыда майдың келісі 1800, құрт 2000 тг. жақында ғана Наурыз мейрамына алған едім.

  • Балкүміс says:

    Аптасына 10мын керемет табыс,бала шагаңызға бұйыртсын!

  • Тоқберген & Лəззат says:

    Алтын Анам. Құрт пен майдың дəмін татқанда Европа мен Қытай тағамдары дем алсындəəəə)))

  • Жұмбақ жан says:

    Алтын Анам. Бұл құрт пен май істейтін тəтті тағамының бір бөлігі. Оның дəмін татқанда Европа мен Қытай тағамдары дем алсындəəə)))

  • Жұмбақ жан says:

    Қолыңыз дерт көрмесін.

  • Жұмбақ жан says:

    Заказ аласызба?

  • Жұмбақ жан says:

    Килосы 800тг арзан екен майлары, бизде Батыста кило уйдин майы 2000 тг томени жок сиякты

  • Нұргүл says:

    Құрттың келісін 2 000 теңгеден алғанбыз былтыр Қызылордадан, сөйтсек сол бойы ұн(

  • Жұмбақ жан says:

    Расыменде ерен еңбекті қажет ететіні рас. Ауылдың кұрты мен майына жететіні жоқ ғой шіркін. Жесең дəмі аузыңнан кетпейді. Суретке қарап жегім келип кетти ғой

  • Жұмбақ жан says:

    КЕРЕМЕТ!ҚОЛЫҢЫЗ ДЕРТ КӨРМЕСІН!ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН!

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар