Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Куропатенко: Бір әуежай салуға $8 миллиард бөлінді, ол қаржыға 50 әуежай салуға болады

Қапшағай маңында салынуы тиіс жаңа әуежайдың құрылысы басталмай жатып даудан басы арылмай тұр. Күні кеше ғана Алматы облысы әкімінің орынбасары 20 жыл жыр болған жобаның жалпы құнын атаған болатын.

ауежайииии

Серік Тұрдалиевтің айтуынша, 8 млрд долларға халықаралық әуежай, демалыс орындары мен қонақ үйлер салынбақ.-деп хабарлады кек арнасы.

Алайда бүгін әуе тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы 8 миллиард долларға 50 әуежай салуға болатынын айтты. Қапшағай қаласы маңынан әуежай салуды қолға алған Владимир Куропатенко құрылысқа 138 млн доллар да жеткілікті деп отыр.

Тіпті құжаттарын әзірлеп, қажетті жер телімін де белгілеп қойған. Қазір инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Егер бәрі ойдағыдай шешілсе құрылыс жұмыстары жақында басталады дейді Куропатенко. Бірақ ол жобадан шеттету үшін шенеуніктер тарапынан қысым жасалып жатқанын да жасырмады, деп хабарлайды ктк арнасы.

“Мені салық органдары тексеріп, сотқа сүйрей бастады. Бірақ кері шегінбеймін. Егер ақша бөлінсе ұшып-қону алаңы 7 айда дайын болады. Ал әуежай құрылысы мен қондырғыларды орнатуға қосымша тағы 5 ай уақыт қажет. Сондықтан ары кетсе 1жарым жылда жаңа әуежай пайдалануға беріледі. Ал сегіз миллиард доллар тым көп. Мәселен Франкфурт, Сингапур әуежайларының құны 1 миллиард доллардан аспайды.”-деді Қазақстан әуе тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы Владимир Куропатенко.

Талқылау